No set slider element

Астанадағы Мажарстан Елшілігінің сайтына қош келдіңіз!

Мажарстан және Қазақстан арасындағы дәстүр бойынша достық қарым-қатынастар өзара сенімділікке және ынтымақтастыққа негізделеді.

Мажарстан 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып мойындағандардың қатарында болды. Сәл кейінірек сол уақытта Қазақстанның бас қаласы болған Алматыда Мажарстан Елшілігі де ашылды.

Біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнату мезгіліне ширек ғасыр өтті, бірақ Қазақстанды Мажарстанмен біріктіретін әлдеқайда маңызы зор нәрселер бар – ортақ тарихи тамырларымыз, туысқандық байланыстар жөнінде сана-сезіміміз, сондай-ақ өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа ұмтылысымыз.

XIII-ші ғасырда қыпшақтардың жеке тайпалары Көтен хан басшылығымен Мажарстан аумағында қоныстап жаңа атамекендеріне ие болған. Ғасырлар бойы олар өз тілдерін, мәдениетін және өзін-өзі басқару негізін сақтап келді. Олардың көне қоныс-мекендері туралы аймақтардың, шаһарлардың және қалашықтардың атаулары күә болады. Бүгінгі таңда 300 мың мажар азаматы өздерін қыпшақпыз деп санайды.

Екі жақты қарым-қатынастардың үздіксіз дамуын мемлекеттік басшылардың аса жоғары деңгейдегі жүйелі кездесулері сондай-ақ елдеріміздің үкіметтік және экономика саласындағы өкілдері арасындағы тығыз байланыстар айғақтайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Мажарстанның Орта Азиядағы жалғыз стратегиялық серіктесі болып саналады, ал Мажарстан Қазақстанның Шығыс және Орта Еуропа елдерінің арасында жалғыз стратегиялық серіктесі болып табылады. 2016 жылы құрылған Стратегиялық Ынтымақтастық Жөніндегі Мажарстан-Қазақстан Кеңесі арқылы Мажарстан және Қазақстан арасындағы серіктестік байланыстары одан әрі жоғары деңгейге көтерілді.

Мажарстан Қазақстанмен деген экономикалық және іскерлік қарым-қатынастардың дамуына, ынтымақтастықты әрі қарай жетілдіру үшін жаңа мүмкіншіліктердің зерттеуіне ерекше назар аударады. Көзделген мақсаттарға қол жеткізуге арналған құрал ретінде Мажарстан-Қазақстан Тікелей Инвестициялар Қоры құрылды. Қордың бастапқы капиталы 40 миллионов АҚШ доллар құрайды және Қазақстанда бірлескен жобалардың қаржыландыруын қамтамасыз етеді.

Мажарстан Астанадағы Expo-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді түрде қатысатын болады сондай-ақ біз үшін көрме мүмкіндіктерін және мажар сарапшылардың тәжірибесін пайдалана отырып жасыл экономика, су ресурстарды басқару және қоршаған орта қорғау саласында көп жылдық ортақ жұмысымыздың негізін қалауға мүмкіндік туып тұр.

Адами кеңістік, туыстық қатынастардың қолдауы және дәстүрлердің сақтауы, мәдени байланыстарды нығайтуы, білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық Мажарстан-Қазақстан арасындағы серіктестіктің ажырамас бөлігі болып табылады. Жуық арада жыл сайын Мажарстанның мемлекеттік шәкіртақысы бойынша 200 қазақстандық студенттің Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері ашылады.

Астанадағы Мажарстан Елшілігі елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың әрі қарай дамуына және нығаюына барлық күшін салып осы мақсатқа бағытталған ұмтылыстарға жан-жақты қолдау және көмек көрсетуде.

Д-р Андраш Барани

Төтенше және Өкілетті Елші